13.04.2024
  36


Автор: Тілдер күні

Қазақстан халқы тілдері

Осы күнге дейін Қазақстан халқы тілдерінің күні басқа күні тойланатын еді. Атап айтар болсақ: Қазақстан халқы тілдері күні 2018 жылға дейін 22 қыркүйекте аталып өтетіілетін еді. Қазіргі таңда Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы Тілдерінің күні 5 қыркүйекте тойлануда.
Ата заңымыздың 7-бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі" екені жазылған. Ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны көрсетілген.
Бұл екі тілден бөлек елімізде мекендейтін көп ұлттың өздеріне тиесілі өздерінің тілдері бар. Біздің мемлекет көпұлтты мемлекет болғандықтан әрбір ұлттың ана тіліне құрметпен қарап, оларға деген достастық пен сыйластықты жоғалтқан емес.
5 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерірің күні, яғни осы күні жер жерден мерекелің іс-шаралар өткізіліп, ел ішіндегі тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген достастық пен ынтымақ бірліктеріміз көрсетіліп, сыйластықтың алтын қазығын тағы да орнықтырады. Тілдер мерекесі жалғыз бір ұлттың ғана мерекесі емес, жалпы елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі. Осы күні көптеген ұлттардың салт-дәстүрлеріне қанық болып, ұлттық киімдерін тамашалап, ұлттық тағамдарынан дәм татасың. Бұл мереке расында да үлкен мереке болып табылады. Іс шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, дастархан жайылады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу