05.04.2024
  47


Автор: Ұлттық валюта – теңге күні

15 қараша — ұлттық валюта күні

15 қараша — ұлттық валюта күні. Яғни Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап айналымға енген ұлттық валюта — біздің теңгеміз көптеген қиыншылықтарды бастан өткерді десек те болады. Сол алғаш ақша ауысқан жылдары халыққа қиын соғып, аумалы-төкпелі заман орнағандай болғаны жасырын емес. Орыстардың рублінен өзіміздің ұлттық валюта теңгемізге ауысу, теңгенің жаймендеп айналымға енуі ауызға айтуға оңай болғанымен іс жүзінде барлығы да оңай шаруа емес еді. Бұл жерде аса шыдамдылықты талап ететін, сындарлы сәт болғаны сөзсіз. Осындай сынды сәттерден аман-есен өтіп, қазіргі таңда ұлттық валютамыз теңгеміздің төл мерекесін тойлап жүрген жайымыз бар. Ия, біздің теңгеміздің айналымға енуі Қазақ елінің тамырына қан жүріп, ел тынысы азат болып, өз күнін өздері көріп, тәй-тәйлап жүре бастауы біздің ұлттық құндылығымыздың етегін кеңге жаюы деп білемін. Расыменде еліміздің осы күнге басын тік көтеріп жетуі өзіміздің ұлттық құндылықтпрымыз бен осы ұлттық валютамыздың арқасында десек те болады. Ұлттық валютамыз қазақтығымыздың және еліміз жеке дара тәуелсіздік алып, өз ақшасымен өмір сүріп жатқандығының айқын көрінісі болып табылады.
Бұл тұрғыда бізге көрінбейтін, бізге білінбейтін көптеген қиыншылықтар мен аса жауапты жұмыстар болып жатқаны сөзсіз. Біз тек айтарымыз, Ұлттық валютамыз — біздің теңгеміз жасай берсін, — дейміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу