27.03.2024
  59


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Жәндiктер де қуанады екен

Түс.
Үш бала үйге кеп:
Шекер, Дауыл жуынды.
Дастарқанға
Iргебек
Жуынбай-ақ жүгiрдi.
Тамақ iшiп болғанда,
Шекер, Дауыл жуынды.
Ал Іргебек
Ойнауға
Жуынбай-ақ жүгiрдi.
Iшкеннен соң түстiктi,
Ойнамауға бола ма?
Сыртқа шығып
Үш мықты
Бет алды қой қораға.
Шыбын неткен көп едi
Қой қораның жанында.
Бiрi көңiл бөлмедi
Шекер менен Дауылға.
Гуiлдеген бетiмен
Iргебекке қонды кеп.
Сүйiп жатыр бетiнен:
«Туысымыз келдi?» – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу