26.03.2024
  27


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Мұғалiм

«Ата-аналар» сыйы ұнап,
Кәрiм болды «мұғалiм».
Балаларды жиып ап,
Тарқатты бiр құмарын.
– Балалай, кәне, «и» деңдей.
Балалар шулап:
И, – дедi
.
– Ал, ендеше «тұй» деңдей,
Бәрi хормен:
– Тұй, – дедi
.
– Қайта айтыңдай бәйiң де,
Қиын ба осы «и»тегi?! Iлестi де Кәрiмге
Бәрi қайта:
– И, – дедi
.
Сабағында-ақ әуелгi
Кәрiм әзер жыламай,
– Каникул, – деп, – ал ендi, –
Шығып кеттi шыдамай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу