Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  41


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Алыстадық

Қанша жылдар өткенде арамызда,


Суықтығың байқалды арасында.


Тым алыстап кетіппіз біз екеуміз.


Дәл қазір жанымыздан табылсақта.


 


Сен менен сондай қатты алыстасың,


Бәлкім сен өзге үшін жаралғансың.


Қай ғасырда екеуміз туылсақта,


Бәрібір мен сен үшін жаралғанмын.


 


Көздерің-ай үнсіз ғана күлім қағар,


Бәлкім ойың басқада жүрген болар,


Бір күндері өзімді жоғалтармын.


Саған деген сезімді тоқтатқаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу