24.03.2024
  29


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Дауылдың өкпесi

Дауыл бiзге «теңiзшi
Ағам бар» деп жүретiн.
Ол туралы ел iшi
Айтпаса да бiлетiн.
 Демалысқа келген-дi
Сол ағасы мамырда.
Сонда оны көргем-дi
,
Жүргем оның жанында.
Тұр едiк бiз аулада,
Түскен күнi ол үйге кеп.
Жетiп бардық бар бала
Жанына оның үймелеп.
Сәл тұрған соң дамылдап:
– Сәлемдесем қарттарға, –
Дедi де ол адымдап,
Көше бойлап, тартты алға...
Күнi бойы iлесiп,
Әрбiр үйге жол шектiк.
Алдында оның күресiп,
Қызық өнер көрсеттiк.
Жыққанымыз, мықтымыз
Сол ағайдан сый алдық
.
Құлап қалсақ, Тiптi бiз
Қарай алмай ұялдық.
Көрсең сол бiр ағаны,
Өнерлi де жүректi
!
Жинап барлық баланы,
Билеудi де үйреттi
.
Ұзынды күн бiз мүлде
Соңынан бiр қалмадық.
Таңдандырды ол
Турникке
Шығып алып айналып..
.
Клуб жақта кең қылып
,
Қазған үлкен арық бар,
Әрi-берi жөңкiлiп
Жүзедi онда балықтар.
Жаздың ыстық күнiнде
Талай соған түскен ек.
Сол арыққа бүгiн де
Шомылдық бiз түсте кеп. Бiр тақтаны суға сап,
Ойнап жүрiп сал етiп,
Алақайлап шуласақ,
Барады екен аға өтiп.
Көрдi де оны көп бала,
Қалпақтарын көкке атты.
– Шомыл бiзбен, тоқта, аға! –
Дауыл оны тоқтатты.
– Ағай басын бiр иiп,
Гүл-гүл жайнап тұрды өңi
.
– Уақыт жоқ, – деп жымиып,
Жүрiп кеттi ол iлгерi
.
Қайтады деп естiдiк
Шомылған соң бiрауық.
Автобусқа кешкiлiк
Салдық оны шығарып.
Гүлге толы құшағы,
Ұзап кеттi ол демде.
Көңiлiм көлге ұқсады
Үйге қайтып келгенде...
Аймалады күн елдi
,
Пiстi дәнi даланың.
Жақындады, мiне, ендi
Туған күнi ағаның.
 Қуансын деп дос аға, Бiз құттықтау жолдадық
.
Дауыл ғана поштаға
Бармай қойды соң қалып.
Ойын сезбей iштегi
,
Сұрап едiк себебiн,
– Бiзбен суға түспедi
,
Ендi оны жек көремiн.
Ылғи хат сап келiп ем,
Оған осы лайық.
Аға етпеймiн оны мен, –
Дедi Дауыл мұңайып.
Құттықтамай бауырын,
Жоғалған ба текке есi
?
Айтыңдарщы, Дауылдың
Орынды ма өкпесi
?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу