24.03.2024
  31


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Тоғайда

Ұйқтап жатсам, Бiреу кеп,
Танауымнан үрледi
.
Қарап едiм түрегеп,
Төлен екен:
– Тұр, – дедi
.
– Жүр, – дедi ол сыбырлап,
– Қайда? – дедiм жай ғана.
– Тұмаға, – деп, жымыңдап,
Көз жүгiрттi айнала.
– Тұма?.. Ол не?.. Ол қайда?
– Бiлмеушi ме ең, балақан?
Тұма деген – тоғайда,
Суға толы нән апан.
Бұлттанып тұр күн бүгiн,
Бүгiн онда балық көп.
Жырғайықшы бiр, құрбым,
Қап-қап балық алып кеп
.
– Бұл сөзiңе сенер кiм,
Шошып тұрмын түрiңнен! –
Дегенiмде
Төленнiң
Сасқанына күлдiм мен.
Себеп болған күлуге,
Кешегi бiр оқиға...
Тақтай шарбақ түбiнде Кiтап оқып отырғам.
Шалып қалған құлағым
Сөзiн екi баланың.
– Талай қызық қыламын,
Жетедi оған амалым.
Тоғайға ертiп барам да,
Масаға әбден талатам
.
Сосын жұртқа
Табанда
Күлкi қылып таратам.
Жыласын бiр «апалап»,
Шыдар ма екен Асқарың?
Үстi-басын сабалап
Көрсем болды қашқанын.
Оны көрiп сен де ендi
,
Қызығына қанасың.
– Менiң барғым келмейдi...
– Жап аузыңды!
Барасың! –
Ұға қойдым мән-жайды
,
Атаған соң атымды.
Айтып жатыр мен жайлы, Жiбермеспiн ақымды.
«Кеуде қаққан кiм едi?» –
Саңылаудан қарадым.
Төлен екен бiреуi
,
Түйiп апты қабағын.
Оны алғаш көргенiм
Шыға қоймас есiмнен.
Қасыма кеп ол менiң,
Жөн-жосықсыз есiрген.
Дағдымда жоқ әу бастан:
Төбелестен қашып мен
,
Жарамас деп жауласқан, Бiр қулыққа басып ем.
«Алдар – шайтан» ойнап ем,
Титықтатып күнiмен.
Өстiп оны айламен
Есек қылып мiнiп ем.
Сол бiр iсi Төленнiң
Болып едi қызықты.


Арқасында өнердiң


Тiзгiндеп ем бұзықты.
Сыбағасын алса да,
Тоймаған ғой бұл ерiң.
Қарасам да қаншама,
Танымадым бiреуiн.
Төлен оның миына
Құйып жатыр ақылын:
– Сен бекерге қиылма,
Әзiр отыр, батырым.
Таңертеңгi салқынмен
Келемiз де екеумiз,
Оны шорты, мәйкiмен
Ертiп алып кетемiз.
Ойына түк келмесiн,
Жүрмесiн ол күдiк ап.
Киемiз бiз жейде, сым,
Балақ, жеңiн түрiп ап.
Барған кезде-ақ жақындап,
Маса бiзге неғылсын,
Асекеңнiң
Жапырлап
Борбайына жабылсын.
Тыр-тыр қасып кеудесiн,
Санын соғып отырсын.
«Неге осындай жейде, сым
Кимедiм» деп өкiнсiн.
– Бармаймын, – деп,
Құрбыңды
Ренжiтпе сен, Бекен.
Бет қыламын мұрныңды
,
Көз жасыңды көлдетем! –
Бөгелместен жөнедi
Содан кейiн екеуi
.
Төленге түк демедi
,
Ынжық екен Бекенi...
Ойлағансып дос қамын
,
«Қой терiсiн бүркенiп»,
Мiне, ендi сол жоспарын
Орындауға тұр келiп.
«Бұл сөзiңе сенер кiм,
Шошып тұрмын түрiңнен» –
Деген сөзден
Төленнiң
Құты қашты, Бiлдiм мен.
Демi бiтiп, тiптi оның,
Әрi-берi тез жүрiп,
Қауiптендi
,
Түпкi ойым
Қалды ма деп сезiлiп.
– Қалжың айтам,
Тұрмайық.
Барсақ, барып қайтайық.
Жырғасақ бiр жырғайық,
Алсақ, алып қайтайық, –
Деп едiм мен,
Жадырап,
Жармасты ол қолыма.
Қармаққа ет, қамыр ап, Iлестiм мен соңына.
Өзiнше ол
Талтаңдап,
Ақымақ қып жүр менi
.
Ала шыққан
Қалтамда
«Тайга» барын бiлмедi
.
Күтiп алды Бекенi
Бұрылыстан алдағы.
Жымыңдасып екеуi
Менi ертiп заулады...
 Ештеңеге Кiдiрiп
Тоқтамастан со бойда
Оқтын-оқтын жүгiрiп,
Келiп жеттiк тоғайға.
Жапырып жас құрақты,
Енiп едiк су кешiп,
Ызың көмiп құлақты,
Маса шықты гулесiп.
Келе жатып,
Тасада
Қалып қойып кейiнде,
«Тайга» жақтым,
Масаға
Таланбайын дедiм де.
Қуып жетсем,
Екеуi
Түсiрiптi жеңдерiн,
Жымың-жымың етедi
,
Оған да мән бермедiм. Iстерiне күлесiң:
Түрлерi осы сынаған.
Тағы бiраз жүргесiн,
Шыға келдiк тұмадан.
Тұма деген – аумағы
Үй орнындай көл екен.
Қалың құрақ – жан-жағы,
Масасы, рас, көп екен.
Отыратын жер аршып,
Ыңғайлап ап жан-жақты,
Ұштарына жем шаншып,
Суға салдық қармақты
.
Менiң көзiм – көл жақта,
Аңдығаным – қармағым.
Төлен көзi – мен жақта,
Тайдырмайды жанарын.
Қалт жiбермей бағады, Мақтаныш бар түрiнде.
Қашан маса шағады,
Ынтық соны бiлуге.
Өзiме-өзiм
Шапалақ
Жұмсай қалсам түбiнде,
Дайын отыр «ха-ха-лап»,
Мазақ қылып күлуге.
Маса «гу-гу»қаптады, Бiрақ маған қонбады.
Қайта тыным таппады.
Екеуiнiң қолдары.
Сипағансып беттерiн,
Мойнын тыр-тыр қасиды.
Мазалары кеткенiн
Көрсең,
Жаның ашиды.
– Қасынбашы бекерге,
Мә, мынадан пайдалан, –
Дедiм де мен
Бекенге
Сығып бердiм «Тайгадан».
Жаққаннан соң «Тайгадан»,
Маса оған да қонбады
.
Ал Төленнiң
Жайнаған
Жанарын мұң торлады.
 Ортамызда әлдене
Тұрғандай-ақ көлденең, Жiбермеген ар ма, не,
Сұрамады ол менен.
Оның сұрай алмаған
Жағдайын мен түсiндiм.
Сығып алып «Тайгадан»,
Өзiм сосын ұсындым...
Екеуiне көмегiм –
Болды өзi бiр күлкiлi iс.
Түк дей алмай Төленiм
Отыр ендi тым-тырыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу