23.03.2024
  32


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қара ешкiнiң лағы – қасқа лақтың лаңы

Қыпшақ, Шекер, Дауылмен
Күнi бойы ойнадым.
Қызық екен бәрiнен
Сауғызғаны қойларын...
Күн батардың алдында
Азан-қазан болды ауыл.
– Қойлар келiп қалды ма,
Қозыны жи, бол,
Дауыл.
Асықсайшы, бөгелме! –
Деп ағасы бұйырды.
Дауыл жедел
Көгенге
Қозы-лағын иiрдi.
Бiз де қарап тұрмадық,
Не қыламыз құр тұрып
?
Қозыларды
Ұрланып,
Ұстай бердiк ұмтылып
.
Күлдi Дауыл
Көзiнiң
Астыменен бiр қарап.
Көпшiлiгiн қозының
Көгендедiк жылдам-ақ
.
Iшiнде бiр асауы
Болып шықты қасқа лақ.
Қайта-қайта қашады,
Қозыларды бастап ап.
Дауылымның көңiлдi
Көзiнде ендi жас тұрды.
 Лақты ұстап келудi
Қыпшақ маған тапсырды.
Жалаң аяқ мен ендi
Қуып бердiм өкшелеп.
Ол да қаша жөнелдi,
Көрейiншi жетсе деп...
Озғаным сан жарыста
Дүйім жұртқа әйгi еді.
Жүгiруден алысқа
Бермеушi едiм бәйгенi.
Сыныбымның көктемде
Чемпионы болып ем.
Осы жайлы
Өткенде
Қыпшаққа айтып қойып ем...
Тiкен демей тiкендi,
Шөңге демей шөңгенi,
Құрытса да дiңкемдi,
Қуып келем мен оны.
Лақ емес, бұл құлан ба
?
Титықтатты мазақтап.
Ыза буып,
Жылауға
Келем ендi аз-ақ қап
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу