22.03.2024
  43


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Құсбегiлер

Көршi атай құсымен
Қартайыпты аң iздеп.
Естимiз әр кiсiден,
Ол туралы аңыз көп.
Сырқаттанып ол бiрде
,
Төсек тартып жатыпты
.
Құштар болып өмiрге,
Есептептi уақытты.
Ұзақ жатып,
Сауығып
Шықты ауруханадан.
Қалса керек сағынып,
Келiп жатты бар адам.
Жазға қарай күн шыжып,
Құлантаза айықты.
Аңға қайта құлшынып,
Сыр тиегiн ағытты.
Бiрде көршi ауылдан
Құс әкелдi қыран деп
.
Өрiстен мал аңдыған
Қасқырларды қырам деп.
Тосып қардың түсуiн,
Содан тыным таппады.
Қамын жасап құсының,
Жемдеп, күтiп, баптады.
* * *
Шекердiң де таяуда
Орындалды арманы.
Тұзақ құрып бағанға,
Ұстады бiр қарғаны.
Атай айтса әңгiме,
Тыңдаймыз бiз берiлiп.
Шекер оның бәрiне
Отырады елiгiп.
Сонсоң ба,
Атай мақтап жүр
Шекер аңға құмар деп
.
Сөйтсе, ол құсын баптап жүр:
– Мен де аңға шағам, – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу