Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  45


Автор: Серікбол Валихан

Үйленейін

 


Бойдан қуат біртіндеп бөгеледі,
Бойдақсың деп сөгіп те, жеме мені.
Әке шешем әу бастан шыр-пыр болып,
Жас кезіңде үйленші деген еді.


Мен өзімше қиялға шомылыппын,
Жоқ әйтпесе жақсыға жолығыппым,
Жүрек деген байлықпен жәй таппайды,
Ең болмаса өмірде соны ұқтым.


Шығар дедім алдымнан іздегенім,
Сол ғой менің үмітті үзбегенім.
Жылымайды ау денең де, үйленбесең,
Ал аяқтан өтіп жүр сыз дегенің.


Көктем болып көрініп күзгі бағым,
Талай жерде сүрініп жүз құладым.
Қызды көрсем есіріп, есім кетіп,
Келіп тұрды әйтеуір мыжғылағым.


Алады екен әйел де ес, түсіңді,
Шығып кетем шыдамай кешкісін(ді),
Соның бәрі болмайтын тірлік екен,
Қара басым сорлы ғой кеш түсінді.


Сол ой маған, қойды ғой маза бермей,
Демім жетпей қалғанда таза желдей.
Үйленейін құрысын қалам алып,
Құры өлеңді көпіріп жаза бермей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу