14.03.2024
  33


Автор: Ораза

Сұрақ: Таң намазына азан басталған кездегі ішіп-жеудің үкімі қалай?

Жауап: Оразаның басталу және аяқталу уақыты болғандықтан таңның атуымен ораза басталады да күн батқанға дейін жалғасады. Осы уақытта ішіп-жеу және оразаны бұзатын нәрселерден тыйылуы керек болады. Алла Тағала Құранда:


وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ


«... Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер...»[14], – деп басталған уақытын ашық баян еткен. Омар (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: 


إِذَا أَقْبَلَ اللَّيْلُ مِنْ هَا هُنَا ، وَأَدْبَرَ النَّهَارُ مِنْ هَا هُنَا ، وَغَرَبَتِ الشَّمْسُ فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ 


«Егер түн ана (шығыс) жақтан келсе және күндіз ана жаққа (батыс) қайтса және күн батса ораза ұстаған адам аузын ашады»[15] делінген.


Ал азан таң намазының уақыты кіргенін білдіреді. Сондықтан ішіп-жеуді уақыттың кіруімен тоқтату керек.


 



  1. Сұрақ: сәресін ішкеннен кейін қандай дұға жасалады:


Жауап: Ауыз бекітетін кезде мына дұғаны жасау керек: 


نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى


Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи тағалә».


Мағынасы: «Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу