22.02.2024
  202


Автор: Бодо Шефер

Байлық заңдылықтары

 


 


Біздің хикаятымызда ақшамен жұмыс істеуді үйренетін Кира байлық заңдылықтарымен дәйекті түрде танысады. Төмен-де олардың ең маңыздылары келтірілген. Олар бүкіл кітапты қызыл жіптей «көктеп» өтеді. Сіз оларды әңгімеде қайта кездес-тіргенде, сіздің қабылдауыңыз бен әрекет етуге деген ұмтылы-сыңыз артады.



  1. Біз ақшаның Сіз үшін нені білдіретінін анықтаудан бастауымыз керек.

  2. Маңызды мақсаттарды анықтау. Неліктен кейбір мақсаттар біздің тілектеріміздің «үлкен каталогынан» алынуы керек.

  3. Неліктен арман банктері мен арман альбомы соншалықты маңызды. Біздің саналық түйсігіміз бізге қалай көмектеседі және бұл үшін қандай алғышарттар қажет.



  1. Неліктен жоғары табыстың өзі ақша мәселелерін шешуге көмектесе алмайды.

  2. Ештеңе бізді өз ниетімізден бас тартуға мәжбүр етпеуі үшін, оған қалай қол жеткізуге болады. Бейнелеу өнері.

  3. Сізге әрқашан оңай бола бермейді. Мақсатқа жетуге кедер-гі жасағысы келетін адамдар, тіпті достарымыз бен туыстар арасында да болады. Әйтсе де, өзіңізді адастырмаудың қара-пайым жолдары бар.

  4. Неліктен сәттілік журналы бізге көбірек ақша табуға көмек-теседі. Неліктен біздің өзімізге деген сенімділігіміз сонша-лықты маңызды.

  5. Сіз ең сүйікті хоббиіңізді мамандыққа айналдырыңыз және сол арқылы табысыңызды едәуір арттырыңыз.

  6. Маңыздылық пен шұғылдық арасындағы айырмашылық. Жақсы ниетті жүзеге асыруға не кедергі – жақсы да, жаман кездерде.

  7. Ең маңызды ереже: 72 сағат бойы әрекет ету. 11. Ойнап жүріп-ақ қанша ақша табуға болады. 12. Қарыздан құтылудың төрт негізгі ережесі.

  8. Алтын жұмыртқа туатын тауық туралы ертегі немесе өз ақшаңмен қалай өмір сүру керек.

  9. Банкпен қарым-қатынасты қалай рахатқа айналдыруға болады.

  10. Жолы болудың шынайы табиғаты. Қалай сәтті болуға болады.

  11. Ақшаны жақсы көру дұрыс па? Сейфтегі қолма-қол ақша. 17. Ақшаның «бейтараптығы» нені білдіреді? Ақша мен бақыт арасындағы байланыс.



  1. Неліктен өзім алған нәрсені өзгеге беру маңызды.

  2. Қорқынышыңмен қалай күресуге болады және сәттілік журналы бұған қалай көмектесе алады.

  3. Ақшаны көбейтудің тиімді әдістерінің бірі - инвестициялық клуб. Оның сәттілігіне кепілдік беретін бес ереже.

  4. Жоқтан бар жасауға көмектесетін сиқырлы формула. 22. Ақша салудың үш негізгі ережесі.

  5. Акциялар дегеніміз не және олар қалай жұмыс істейді? Пайда қайдан келеді (бағамдық пайда және дивидендтер)?


 


Акцияларға инвестиция салу сіз үшін дұрыс па? Сіз тез арада дұрыс шешім қабылдай аласыз.



  1. Неліктен сіз мезгіл-мезгіл жайлы аймақтан шығып, үрейлі бизнеске кірісуіңіз керек.

  2. Жылдық 12%-дан астам пайданы қалай алуға болады. Инвестицияның оңтайлы түрі және инвестицияның оңтай-лы стратегиясы.

  3. Неліктен акционерлік қорлар жоғары сенімділікпен жоғары пайда әкеледі. Сенімді акционерлік қорды таңдауға болатын үш критерий.

  4. Инвестициялық қорға ақша салу өте оңай.

  5. Мұндай қор сіздің ақшаңызды қалай өсіреді. Күрделі пайыз-дардың күші.

  6. Биржалық бағамдардың ауытқуы: пайда мен шығынды қалай теңестіруге болады.

  7. Пайыздарды және күрделі пайыздарды ойша есептеу қаншалықты оңай.

  8. Егер биржалық бағам төмендесе не істеу керек? Бұл жағдай-дан қалай қосымша пайда табуға болады.

  9. Акционерлік қордан жоғары пайда алу үшін не білу керек. 33. Инфляция дегеніміз не және сіздің ақшаңыздың құнсызда-


нуын қалай есептеу керек. Ақша салудың дұрыс түрін таңдау арқылы инфляцияны ең жақсы досыңызға қалай айналды-руға болады.



  1. Ақша өмірдің басқа салаларына қалай әсер етеді. Қаржы тақырыбына көбірек көңіл бөлу арқылы не істеуге болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу