14.02.2024
  24


Арман Бахытжанұлы

Кедей сана!

                 

Ей қазағым қазағым,хәлдеріңе қарадым!


Тоғызың кедей бірің бай,жетіп жүрма тамағың?


Тамағыңның тоқтығы,уайымыңның жоқтығы!


Бір күндікті ойламай,ақыл менен санаңның аштығына қарағын!


Тоқ деп егер санасаң,сол орныңда қала сал!


Тоқсан пайыз қазағым жалдамалы жұмысшы,қайдан жетсін жалақың?!


Сол себепті қазағым Бай мен кедей сананың ашайықшы парағын


Оқысаңшы Абайды,қазағының өмірін бай болуын қалайды!


Мемлекеттің байлығы өздерінің мойнында,


Әр қазақтың байлығы өздерінің ойында!


Қанша қанша елдер бар байлығы жоқ жерінде,бірақ халқы біліммен байып кеткен елінде!


Бұған себеп патша деп,санамашы жарайма?!


Жетелейді арман,мұрат,мақсаттар!


Ей қазағым бар арманды,үй алумен тоқтатпа!


Білім алып,өнер тауып,кәсіп аш!


Сол кезде сен лайықтысың жақсы атқа!


Тілейтінім барша қазақ ерлерге,


Мәртебемен тапса деймін жақсы ақша!


Ия білем байлықтанда бар маңызды мақсаттар,


Ең бастысы отбасыңды аш қалдырып қақсатпа!


                                 Арман Бахытжанұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу