13.02.2024
  32


Автор: Құтқарушылар күні

19 қазан – Құтқарушылар күні

19 қазан –Құтқарушылар күні болып 1995 жылы қабылданған. Елімізде төтенше жағдай орын алып, бір жерде бір нәрсе болып жатса сол жерден бәрінен бұрын табылатын осы Құтқарушылар болмақ. Олардың жасап жатқан қызметтері расында да өте қиын, ерекше құрметке ие. Құтқарушылар күнінде Оларға деген сый құрметімізді білдіріп, түрлі іс-шаралар өкізіп, оларға ақ жарма тілегімізді білдірсек, оларды қуаныш пен шаттыққа бөлеп, оларға көтеріңкі күй сыйлай білсек керемет емес пе?!
Қарап отырсақ олар әр құтқару қызметіне барарда өмірлеріне қауіп төніп тұратыны сөзсіз. Құтқарушылардың жақындарын айтсаңызшы, қандай күйде болатынын, тіпті елестете алмаймыз. Солай емес пе?! Олар бір үйдің баласы болса, бір үйдің отағасы, біреудің әкесі болса, біреудің өмірлік жары. Міне үйінде осындай жақындары күтіп отыратынын біле тұра бастарын қатерге тігіп жүрген Құтқарушылардың жай-күйлері бір өздеріне ғана аян, солай емес пе?!
Ендеше, осындай қауіп-қатерден қорықпай, Құтқарушы болып жүрген барша Құтқарушыларға Жаратқан иеміз жар болсын! Алла оларға зор денсаулық пен қажымас қайрат, күш қуат берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу