Өлеңдер ✍️

  12.02.2024
  222


Автор: Құтқарушылар күні

Құтқарушы жан барда,

Құтқарушы жан барда қорқыныш жоқ,
Тыныш біздің еліміз, жеріміз де.
Түрлі апаттан құтқарар Азаматтар,
Құрметтейміз әрқашан сені біз де.

Қызметтерің ел үшін деп жасап жатқан,
Орасан зор деп білем расында да.
Сендер барда жанымыз тыныш біздің,
Еш уайымсыз жалғаймыз таңды таңға!

Қауіп қатер істерің қарап тұрсақ,
От пен суға түсетін еш ойланбай.
Құтқарушы істерің сауапты іс,
Рахметпен қуаттар күш болғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу