08.02.2024
  110


“Қазақ” газетінде жарияланған қайырымды жандар жайында”

1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 2 реттен шығып тұрған “ Қазақ” газеті- еліміздің баспасөз тарихындағы алғашқы қоғамдық-саяси және әдеби газеттің бірі, әрі бірегейі. Алғашқы редакторы- Қостанай өңірінің тумасы, бар өмірін қазақ халқының мүддесіне арнаған, бір ғасырда бір туар Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Газеттің басылып шығуына алғаш қаржы жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахмет ишан Оразаев еді. Байтұрсынұлынан кейін газеттің екінші редакторы қызметін қоғам қайраткері, Алаш публицисі Міржақып Дулатұлы атқарды. Бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін “Азамат” серіктігі болған. Газеттің 1918 жылғы редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы газет нөмірінің 265 саны жарық көрген.


Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаевтың, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты бабаларымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан алғашқы аудармалар жарық көрген.


“Қазақ” газеті алғашында жаны жайсаң қайырымды жандардың қалтасынан шығарып берген қаражатына шыққан деп жоғарыда айтып өттік. Бірақ әңгіме бұда емес. Тарихқа үңілетін болсақ сол заманда қазақ халқы басынан қиын кезеңді өткізіп жатты. Ақ патша орнынан тайып, басшылық билік революцияға ұшырап, ел арасы екіге бөлінген заман еді. Осынау аласапыранда халық қамын ойлаған бай-оғландар қарап жатпай пұл жиып жарлы, кедейлерге үлестіріп беріп жатты. Сондай игі істің бірі осы “Қазақ” газетіне жарияланған болатын. “Ардақты “Қазақ” басқармасына” атты алғыс хаты газет нөмірлерінің біріне басылған екен. Хатта Манаф Тұрғанбаев атты Уфадағы “Ғалия” медрессесінің шәкірті жазған жолдар: “Биыл пұлдан кемтарлығымды білдіріп, Семей шаһарында тұратын Әбдірахман мырза Иусуфұғлына хат жазып едім, сол кісі мынау төмендегі бауырлардан жәрдем жиып жіберіпті”-делінгенде, астына жәрлем берген адамдардың есімдері һәм берген тиын-тебендері көрсетілген. Хаттың соңғы тұсында барлығы 50 сом, 90 тиын қаражат жиналғанын, осы хатты баспаға басуын өтінген. “Таршылық уақытта жақсылық қылған ағайындарға һәм Әбдірахман мырзаға тәңірі жарылқасын” айтып, ыстық лебізін білдіріп өткен.


Ел басына күн туған уақытта қиналған жанға қол ұшын берген мейірбан азаматтардың осындай кайырымды әрекеттері “Қазақ” баспасында жарық көруін жалғастыра бермек.


Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған, “Қазақ” газеті халық алдындағы өз миссиясын ойдағыдай орындады.


 


 


 Асылбек Алмас


Журналистика факультетінің 1 курс студенті


Жетекшісі: фил.ғ.к. доцент Р.С.Жақсылықбаева


                   


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Пікір жазу