Өлеңдер ✍️

  02.02.2024
  533


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Үнсіз жүрек

Қызыққа толы өткен күн,


Ақтарсам сезім беттерін.


Жастықтың әлде буы ма,


Өзіңе ғашық еткен күн.


 


Кіршіксіз қардай ардағым,


Көркіңе елтіп арбалдым.


Жүрегің адал сезімде,


Жасырын сырды аңғардым.


 


Үмітпен қарап елеңмен,


Бақыт пен нұрға бөленгем.


Сезімді бұрын болмаған,


Жеткізсем шіркін, өлеңмен.


 


Үн-түнсіз соққан өзің дер,


Тыншымай жүрек бір рет.


Мендегі үнсіз сезімдер,    2 - рет


Сендегі тілсіз құдірет.


 


Адамзат асылы сан алуан,


Аялаған ақ арман.


Ғажап неткен бар әлем,


Махаббаттан жаралған.


 


Сөнбесе екен бар үміт,


Үнсіз жүрек сағынып.


Шығар алдан кездейсоқ, 2-рет


Ғажап сәттер табылып.


 


Сөнбесе екен бар үміт,


Үнсіз жүрек сағынып.


Шығар алдан кездейсоқ,


Ғажап сәттер табылып.


Өмір деген өткінші, 2-рет


Қуаныш пен өтсінші!


 


Астана қ. Қаңтар 2024ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу