21.01.2024
  30


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Пітір садақаны қай уақытқа дейін беру қажет?


Жауап: Фиқһ ғалымдары пітір садақасын айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал дейді. Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады. Көптеген адамдар соңғы күні пітір садақа беруді ұмытып, уақытынан кешіктіріп жатады. Сондықтан Рамазан айының ішінде пітір садақасын беруге болатындығын ескерген жөн. Уақытында бере алмаған жағдайда кешіктіріп болса да пітір садақасын міндетті түрде беруі тиіс.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу