21.01.2024
  28


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Қадір түнінде қандай дұға жасаған абзал? Жауап: Қадір түні – мұсылман баласы не тілесе де Алла оның дұғасын қабыл ететін ерекше түн. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын», – деп сұрағанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһуммә иннәкә ъафуун кәрим, тухиббул ъафуа, фаъфу ъанни» (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр)», – деп дұға етуге кеңес берді.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу