21.01.2024
  36


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Тарауих қандай намаз?


Жауап: Тарауих намазы – рамазан айында оқылатын 20 рәкағаттық намаз. Үкімі – сүннет муәккәдә (бекітілген сүннет). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала рамазан айында оразаны парыз етті. Мен де тарауих намазын мұсылмандарға сүннет еттім. Шынайы иман және ықыласпен рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам жаңа туған нәрестедей күнәдан пәк болып тазарады», – деген. «Тарауих» сөзі «таруиха» сөзінің көпше түрі. Мағынасы, аздаған демалу дегенді білдіреді. Әр төрт рәкағаттан соң бір сәт демалғаны үшін осылай аталған. Үзірлі жағдаймен оқылмаған тарауих намазы қаза етіп өтелмейді. Әр екі немесе төрт рәкағатта сәлем беріп оқылады. Әр төрт рәкағаттан соң демалу уақытында тарауих таспихын айтса болады. Сондай-ақ, зікір айтып, дұға етуге, тіпті үндемей отыруға да рұқсат.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу