21.01.2024
  42


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Көзге, құлаққа және мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма?


Жауап: Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды. Ал мұрынға және құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады. Демікпе ауруы, аллергиясы бар кісілер тыныс жолдарын ашу үшін спрей қолданса және спрейді мұрынға шашқанда өңеш арқылы ішке кірмей мұрын қуысында не тыныс жолдарында қалатын болса, оразасы бұзылмайды. Десе де оразаның бұзылу қаупі жоғары болғандықтан бұл дәрілерді мүмкіндігінше сәресіге дейін, не ауыз ашқаннан кейін қолданған дұрыс.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу