20.01.2024
  80


Автор: Саидмурод Давлатов

АҚШАМЕН ҚАНДАЙ ҚАТЫНАСТА БОЛУ КЕРЕК?

Ақша – қоғамдық жетістіктің өлшемі.


Д.Клейсон


 


Сіздің ақшаға деген көзқарасыңыз


 


Ақшаны бөлек қарастыруға болмайды, Сіз не үшін бай болғыңыз келеді, сізге себеп қажет.


 


Енді бірінші сұраққа жауап беріп көріңіз. Сіз ақшаға қалай қарайсыз? Ақша сізге тіршілік ету үшін қажет пе, əлде жақсы өмір сүру құралы ма? Ақша адамды бұзады ма, əлде ақшаның болмау кесірінен отбасылы не бақытты бола алмадыңыз ба?


 


Əркімнің өз көзқарасы бар. Есіңізге түсіріп көріңіз, бала күнімізде қандай əңгімелер еститін едік: «Ақша адамды бұзады, кішкентай балаларға ақша беруге болмайды...». Сіз бай адамның рақымды болғаны туралы фильм көрдіңіз бе?


 


Біз бай адамдары жоқ қоғамдық құрылыста өсіп ер жеттік. Кейбір адамдар басқаларынан жағдайы сəл жақсырақ болды, бірақ бай болмады. Барлығы көп ақшалы болудан қорықты. Егер сізде екі велосипед, əдемі көлік жəне шатырыңыз басқалардан биік болса, бұл сырттай мінеушілікке себеп болатын. Қазіргі жастарда өмірге жаңа көзқарас қалыптасқан, алайда буындағы едəуір адамдар əлі де бұрыңғы көзқарасты ұстануда.


 


Заман өзгерді, алайда көп адамдардың санасы əлі де жаңа өмір тəртібіне үйрене қойған жоқ. Сондықтан олар: «мен көп ақшаны не қыламын? Жанұяда тыныштық болса, ұрыс-керіс болмаса, балалардың дені сау болса – болды» деп ойлайды.


 


Үлкен ақша мұндай отбасыларға бақытсыздық алып келуі мүмкін, себебі, бай отбасыларда барлығы жақсы болмайды деген мысалдарға сенеді. Жиі мұндай ақпараттар біздің еркімізге қарамастан са налы деңгейде жұмыс істейді.


 


Кей кездері біз бай болғымыз келеді, бірақ өзіміз байқамастан ақшаны алыстатамыз. Діни адам былай ойлауы мүмкін: «Көп ақшаның салдарынан жұмаққа түсе алмаймын. Мен бай болмасам да, жақсы, адал адаммын. Бай адамдарға қараңызшы, олар саясатқа араласады, заңды бұзады, адамдарды алдайды».


 


Бұл қате түсінік. Əлемде бай жəне адал адамдар көп. Сіз де өзіңіз армандаған жоғары дəулеттілікке лайықсыз.


 


Сіздің əр қолыңызда бес саусақ бар. Сіздің бір саусағыңыз басқасынан қажеттірек деп ойламай сыз ғой. Барлық саусақтарыңыздың маңыздылығы бірдей. Енді, саусақтарымызды біртіндеп бүге отырып, əр адам үшін маңызды заттарды талқылайық.


 


Бірінші саусақ – сіздің отбасыңыз, отбасылық тыныштығыңыз. Сіздің жанұяңыз қамсыз болуы тиіс, болмаған жағдайда сіз тыныш өмір сүріп, жұмыс істей алмайсыз.


 


Екінші саусағыңыз – денсаулығыңыз. Бұл жер де артық түсіндірудің қажеті жоқ.


 


Үшінші саусақ – бұл ақша. Ақша – отбасы мен денсаулық тəрізді маңыздылыққа ие.


 


Кей адамдар алдымен ақша табу үшін денсаулығын құртады, ал сосын денсаулығын қалпына келтіру үшін тапқан ақшасын жұмсайды. Осылайша, өмір өтеді.


 


Төртінші саусақ – бұл өз-өзіңізді сезіне білу. Өз- өзіңізді сезіне білу – бұл өзіңізді өмірде кім ретінде сезіну жолы. Əдетте, бұл жағдайға ешкім көңіл аудармайды, сондықтан, көңіл күйде де, жұмыста да өзгерістер болып тұрады. Өзіңізді жақсы сезіну үшін, өмірде өзіңізді кім деп ойлайтыңыз, кім деп көретіңсіз, кім деп сезінетіңізді анықтап алу қажет. Сонда əр күніңіз нəтижелі болатыны анық. Егер адамның көңіл күйі жақсы болса, жұмысы да өнімді болады. Ал егер жұмысы жақсы жүрсе, демек, жұбайы да, балалары да риза болады.


 


Бесінші саусағыңыз – бұл өміріңіздің мақсаты. Барлық айтылған заттардың маңыздылығы бірдей. Алдымен қызмет, содан кейін ғана тұрмысқа шығу немесе үйленуіме болады деп есептейтін адамдар бар. Немесе, алдымен ақша табу керек, қалғаны содан соң белгілі болады. Бұл көзқарас дұрыс емес. Өмірдің барлық саласы бірдей маңызды. Өмірді «кейінге» қалдыруға болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу