Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  382


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАЗАҚСТАН — ОТАНЫМ!

Тәуелсіздік таңы бар,
Қалыптасқан заңы бар.
Болашаққа бастайтын,
Ертеңгі күн қамы бар.
Қазақстан — Отаным!
Құрметтейтін ақынын,
Аттан түспес батырын.
Сәл нәрсеге таласып,
Ренжітпейтін жақынын.
Қазақстан — Отаным!
Азат елім жаңарды,
Гүлдендірді қаламды.
Әр күн сайын жанданып,
Мойындатты ғаламды.
Қазақстан — Отаным!
 Ұлдары бар тұлымды,
Қыздары бар бұрымды.
Елтаңбасын қастерлеп,
Биік ұстар туымды.
Қазақстан — Отаным!
Бауырмалдық ұраны,
Биік самғар қыраны.
Көздің жауын алады,
Таудан аққан бұлағы.
Қазақстан — Отаным!
Қадіріңді білемін,
Өзіңді ойлап жүремін.
Өрге басып әр ісің,
Биігіңде тұр елім!
Қазақстан — Отаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу