Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  112


Автор: Жібек Ысқақова

ӨМІР СЫНАҚ

(2020 жылы болған ғаламдық індет)
Кім келіп, кім кетпеген бұл ғаламнан,
Заман болды расымен тұмшаланған.
Екі жиырма, болды бір ерекше жыл,
Бар әлемді қайғыға, мұңға салған…
Жабылды шекарасы әрбір елдің,
Кей адамдар шығарып соңғы демін.
Індет жайлап, қорқыныш орын алды,
Жүректерде жоғалып үміт, сенім.
Емі болмай бұл індет ойландырды,
Қиын қыстау заманды ойға алдырды.
Бар болғаны екі ай, алпыс күнде,
«Қаралы елге» кей елді айналдырды.
Көрінбейтін жау дерсің қырып жатқан,
Әрбір елдің халқы көп мұңға батқан.
О, Жаратқан сақтай гөр, тілсіз жаудан,
Жанарлардан қанды жас сорғалатқан.
 Тоқта вирус, «Короно», осы жерден,
Жоқ болып кет, жойылғын біздің елден.
Бар әлемнен жоғалғын мәңгілікке,
Вирус болып айтылмас, тарихқа енген.
Қайта оянсын әлемде бұл тіршілік,
Тұмшаланбай, оянып сенім, үміт.
Есін жисын барлық ел, тыныш болып,
Есік ашып әрбір күн, ертең күліп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу