Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  156


Автор: Жібек Ысқақова

ӨМІР, ӨМІР БҰЛ ӨМІР НЕТКЕН ӨМІР?!

Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір,
Жаз бен күз, қыс пен көктем өткен өмір.
Біреулерді қылдырып ең бақытты,
Біреулерді бақытсыз еткен өмір.
Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір,
Адамдар күресумен өткен өмір.
Түсінбей бірін-бірі қалса егер,
Бір атым насыбайдан кеткен көңіл.
Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір,
Қуанышты, біреуге өктем өмір.
Біреуге қыс жауратып, тоңдыратын,
Ал біреуге шуақты көктем өмір.
Өмір, өмір бұл өмір неткен өмір,
Арманына біреулер жеткен өмір.
Енді бірі жете алмай арманына,
Аяқ асты өмірден өткен өмір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу