Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  1779


Автор: Жібек Ысқақова

БАУЫР КЕРЕК АДАМҒА

Бауыр керек адамға — жанашыр жан,
Бауырлардың жаралған жаны асылдан.
Бауыр барда өмірің жанданады,
Жаның жайнап мейрімді қарасынан.
Бауыр керек адамға — жаны жайсаң,
Демейтін жан сүрініп, құлай қалсаң.
Жаны ауырар сен үшін, алаңдайды,
Бұл өмірден түңіліп, жылай қалсаң...
Бауыр керек адамға — жүрегі алтын,
Түсінетін қашанда сөздің парқын.
Бауырлардың барында шаттығың көп,
Жақсылығын арнайтын, жүзі жарқын.
Бауыр керек адамға — қолдап жүрер,
Жамандықтан әрдайым қорғап жүрер.
Сен қуансаң қуанар екі-үш есе,
Бауырың ол — сәлемін жолдап жүрер.
Бауыр керек адамға — бауыр керек,
Бауыр барда мықтысың, күшті демек.
Бауырларым бақытым, аман болшы,
Өздеріңе жүрейін күнде еркелеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Малика
Малика 05.03.2024 21:58
Рахмет

Пікір жазу