Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  76


Автор: Жібек Ысқақова

КӨҢІЛ ҚЫМБАТ

Сенім қымбат адамға өмір қымбат,
Өмір қымбат адамға көңіл қымбат.
Сыйласқанға не жетсін, ертеңгі күн,
Не болары белгісіз өмір жұмбақ.
Қазақпыз ғой, әр бір қазақ жалғызым дер,
Азақпыз ғой, өтуде сағым күндер.
Көңіл қымбат сән берер бұл өмірге,
Жоғалтпайық сол сәнді сіз бен біздер.
Керек емес билігің де, атақ даңқың,
Керек емес байлығың да, мәнсап алтын.
Адамдығың өлшенер көңілменен,
Түсінейік әрқашан мұның парқын.
Қиын сәтте білінер адамдығың,
Досқа құрмет, шынайы адалдығың.
Басыңа іс түскенде тастап қашар,
Кей жандар бар түсінбес адам құнын.
Бірі өсек айтудан тайынбайды,
Ғайбат сөзден тілдері арылмайды.
Он күнәнің тоғызы тілден деген,
Ғазиз көңіл сондықтан уайымдайды.
 Көңілдердің айнасы сынбасын еш,
Аяқ асты сенімді қылмасын еш.
Көңіл қымбат қашан да сенім қымбат,
Көңіл қалып, артынан болмасын кеш.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу