Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  107


Автор: Жібек Ысқақова

ЕЙ, ӨМІРІМ!

Ей, өмірім! Айтшы өзің қандайсың?
Бірде ащы, бірде тәтті балдайсың!
Бұлт үйрілсе төбеме кеп, лезде сен,
Күндей болып шуақ шашып алдайсың!
Бір мұңайтып, бір қуантып жүресің,
Кейде ызғар, кейде шаттық төгесің.
Бір қарасам күздей қара суық боп,
Енді бірде жаздай жайнап енесің.
Қыстай болып ақ мамыққа орайсың,
Гүл көктемдей жайқалып сен тарайсың.
Бұл жаныма таң шапағын сыйлайтын,
Ей, өмірім! Сен мен үшін арайсың!
Сен ғажапсың сындарың көп болса да,
Ызғарыңнан жаным жылап, тоңса да.
Ей, өмірім! Сені жақсы көремін,
Сен қымбатсың гүлім ашпай, солса да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу