Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  588


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Өткен күз

Ойым менің бөлінгенде сай-салаға,


Бақытты кез,қалды бәрі айдала.


Жерге түскен жапырақтай қурағанда


Бейнең сенің есімде ой-санамда


Мына күздің суығы басталыпты,


Еске салып өзіңді жылынғанда.


Бұл жылда жалғыз жүріп оңалмаймын,


Өткен күзім күңіреп жоғалсада.


Шабыт беріп қайтадан өзің келдің,


Осы күзде жанымда болмасаңда...


Өткен күздің жадынан орын алған.


Елес болдың миымда жаңғыраған,


Білмеймін тынышпа қазір қалаң,


Мына күз есіңе түсірдіме?


Сол күзде өзіңді мен жылытқан.


Бір пендемін әліде ұмытпаған,


Сол жылдың күзінде қалып қойған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу