Өлеңдер ✍️

  19.11.2023
  163


Автор: Айгүл Бейсенқанқызы

Мен кімді күтіп талдырдым жолдың жанарын?

 


Аспаны бұлдыр, жұлдызы андыз қаланың,


Мен кімді күтіп талдырдым жолдың жанарын?


Бұлқынысымды өрнектеп түннің бойына,


Қағаз бетіне ғұмырды жалғыз қамадым.


 


Үп етіп тыйсе самалдай еркенің лебі,


Сыбырлап терек білмеймін шертеді нені?


Беймаза күйге мендегі құшақ аша ма?


Құс жолының ертегілері…


 


Күту ме?


Күту - барабар сағаты жылға,


Төгілмесінші төзімнің тағаты құмға.


Тұнжыр да тұнжыр сезімнің қабағын бағып,


Көңіл құсымның малынды қанаты мұңға.


 


Ұйқыға кеткен сыңайлы бұлбұлы бақтың,


Үнсіз де селсоқ дүние кімді жұбатсын?!


Қараңғылықты қаусырып ақырын ғана,


Күбірін тыңдап жанымның тұрдым…


Ұзақ түн!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу