Өлеңдер ✍️

  09.11.2023
  630


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

АПАТАЙ АУЫРМАШЫ

Апатай, ауырмашы жан-жүрегім,


Бір өзің осы күні жанды жерім.


Ботасын бөле жарған нар інгеннен,


Бұл неткен қасіретті тағдыр едің.


 


Жете алмай сағыныштан күйеді ішім,


Рухым, сен тірегім, ие, күшім.


Жүрегім жылап қалсын демесеңіз,


Апатай, ауырмашы сүйенішім.


 


Көңілің гүлден нәзік бұл күндері.


Қасқайып, қайрап дәйім тұрдың мені.


Жанарым жасқа толып, күйзелгенде,


Сен жазған жебеп жүрді жырдың лебі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу