01.11.2023
  35


Автор: Эколог күні

Экологтар қызметі

Табиғат пен адам – біртұтас дүние. Саналы түрде адамзат планетаның экологиясына мұқият назар аударуы тиіс. Қоршаған ортамызды таза ұстау және табиғатты аялау әрбіріміздің парызымыз. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды, сол сияқты қолданыстан шыққан керексіз заттар мен қаддық тағамдарды жол ортасына, көшеге лақтырып кету бұл табиғатымызға кері әсерін берері сөзсіз. Міне осындай жайларды қадағалап жүретін, табиғатқа етене жақын маман иелері ол әрине экологтар болып табылады.
Жоғарыда айтқанымдай керексіз қалдықтар суға тасталынып жатыр. Бұл қалдықтар – өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өлімдерін көбейтіп жатыр. Бұның басты себепкері біз – адамдар. Экологиялық жүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей екендігін есте сақтауымыз керек. Адамзат баласы санасы бар, ненің жақсы, ненің жаман екендігін ұғына алатын жандар емес пе?! Табиғатты аялап, қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілікпен қарау біздің басты парызымыз. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді түрде өмір сүре алады.
Табиғат – біздің асыраушымыз, табиғатсыз адамзат өмір сүре алмас еді. Бұрынғы заманда, адамдар табиғатты құрметтеген және оған зиян тигізбеген. Ал қазіргі таңда зауыттардың саны көбейіп, экологияға үлкен залал келіп жатыр, табиғат токсиндерден тұңшығып тыныстауға ауасы тарылып жатыр. Көптеген жануарлардың жойылып кету қаупі бар, ормандар аяусыз кесілуде. Бұлардың барлығы экономикамызға кері әсерін тигізуде.
Табиғатты қорғауға барлығымыз үлес қосатын болсақ, онда планетамыздағы өсімдік пен жануарлардың алуан түрін сақтап қаламыз.
Экологияны жақсарту арқылы өзіміз жұтып отырған ауаны жақсарта аламыз. Сондықтан жақсы өмір сүргіміз келсе, аурудан аулақ болғымыз келсе, ластанған ауадан құтылғымыз келсе қоршаған ортамызды аялап, таза ұстайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу