Өлеңдер ✍️

  15.10.2023
  237


Автор: Әкім Ысқақ

Қиналамын, қимағасын мен сені...

Ғашықтық жолы- ауыр жол.
Шын сүйгеннен барлық азабына көнесің...
Күнделіктегі жазу

Қиналамын қимағасын мен сені,
Сағынышым езеді кеп еңсені.

Махаббатқа тұтқын болса өз басың,
Көлге айналып мөлдірейді-ау көз жасың...

Амалсыздан сынатармын төзімді,
Қиналсам да күтем жалғыз өзіңді.

Қиындықсыз жете ме адам мұратқа,
Айтарым тек: махаббатта тұрақта!

Үмітім боп жанған отым сенсің деп.
Сол үмітім бақыт болып келсін тек.

Жүрек шіркін жар салғысы келеді,
Шын сүйгеннен бәріне де көнеді.

Қиналамын қимағасын мен сені,
Сағынышым езеді кеп еңсені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу