Өлеңдер ✍️

  15.10.2023
  131


Автор: Әкім Ысқақ

Оқырманға хат

Есте сол бір шақ әлі,
Есіміңді жаттадым.
Жастығымның парағы,
Саған жазған хаттарым!

Үмітімді үкілеп,
Сабырымды сақтадым!
Жүрегімнің лүпілі ед,
Саған жазған хаттарым!

Сен боп сүйіп Көктен нұр,
Сен боп күлген ақ таңым!
Бозбала арман, мөп-мөлдір,
Саған жазған хаттарым!

Әдемілік әлемі,
Әлдилеген шатты әнім!
Өмірімнің мәні еді,
Саған жазған хаттарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу