Өлеңдер ✍️

  15.10.2023
  99


Автор: Әкім Ысқақ

Тырналар

Тырау-тырау тырналар,
Бере кетші бір хабар.
Сыр ақтарсақ ашылып,
Жан сарайы нұрланар!

Сағынышты тербетіп,
Сезім гүлін селдетіп.
Ұзап бара жатырсың,
Әуелете әндетіп.

Тырау-тырау тырналар,
Жан сырымды тыңдап ал.
Қанат қақсаң шыңдарға,
Құмар көңіл бір қанар.

Сағынышты боздатып,
Жүрек сырын қозғатып.
Сыңарыңмен бірге ұшу,
Дүниеде сол бақыт.

Саған айтам мұңымды,
Сезім толы сырымды.
Тыңдаңдаршы тырналар,
Жүректегі жырымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу