Өлеңдер ✍️

  15.10.2023
  60


Автор: Әкім Ысқақ

Шар ұрып мазалайды

Шарқ ұрып мазалайды,
Арманға бөлегесін.
Қаққандай қайта-қайта,
Көңілдің терезесін.

Жүргенім бекер емес,
Қамалып жалынға мұң.
Жұлдызды жарығым-ау,
Іздесем сағынғаным.

Жүректі тербетеді,
Әуелеп ән елесі.
Көктемгі күнімдейін,
Шуақ боп себелеші.

Ақ сәулем бір өзіңді,
Ойлаймын осы күнде.
Бар бақыт сыйғандай-ау,
Әдемі есіміңде.

Көктемім от күндерім,
Сағыныш қалдырады.
Қайдасың қаракөзім,
Жанымның бал бұлағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу