Өлеңдер ✍️

  11.10.2023
  293


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Ақша

(Ақшаны жек көремін деушілер - не өтірікші, не жынды! Суфиян әс-Саури.)

О ақша, сен не деген кереметсің?
​ ​ ​ Ұқсамайсың басқаға...
​ ​ ​ Сен​ - бөлексің!
​ ​ ​ Құдіретіңе табынып қара түгіл,
​ ​ ​ Хандар да бас иетін көбелексің!

​ ​ ​ Ұшасың да, қонбайсың алақанға..
​ ​ ​ Қуып жүрміз соңыңнан...
​ ​ ​ амал бар ма..?
​ ​ ​ Саған мұқтаж болудан жалықпайды,
​ ​ ​ Озаттар да, жақсы мен жамандар да!

​ ​ ​ Сені ұнатпас адам жоқ бұл өмірде,
​ ​ ​ "Ұнатпаймын!"- дегенге, күлейін де..
​ ​ ​ ​ Не жалғаншы, не жынды қадірлемес,
​ ​ ​ ​ Ал қалғаны сен деп жүр мына өмірде!

​ ​ ​ ​ Ақша патша...!
​ ​ ​ ​ Өзіңе құл қылдың - ау?!
​ ​ ​ ​ Сені іздеп сабылдық күн-түн мынау!
​ ​ ​ ​ Сен келгенде күлімдеп, құрақ ұшып,
​ ​ ​ ​ Келмей қалсаң мұңайып,
күрсіндік-ау?!
​ ​ ​ ​ Біз жаққа да жиірек келіп тұршы,
​ ​ ​ ​ Сағындырмай бейнеңді,​ сүйкімдім-ау?!
​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ 12.12.2020




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу