Өлеңдер ✍️

  10.10.2023
  486


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Анаға тілек

Аялап,​ мәпелеген,​ құндақтаған,
Ауырсақ жан ұшырып,​ бір жатпаған.
Қиналсақ, қабағымыз мұңға толып,
Ас батпай,​ алаң болған уайымнан.

Сұрасақ қолжетпесті тауып берген,
Біз үшін қиындықтың бәрін көрген.
Біз сүйген адамдарды бірге сүйіп,
Жек көрсек кей адамды, қауіптенген.

Сәл ғана жетістікке жете қалсақ,
Қуанған мақтанышпен шын жадырап.
Қызғыштай қорғап кейбір жамандардан,
Шырылдап шыр-пыр болған біздерді ойлап.

Сарп еткен бар ғұмырын ұрпағына,
Анашым алғыс айтам сізге мына.
Біздерге «Нағыз Ана» нәсіп еткен,
Сан мың шүкір айтамыз Жаратқанға!

Бүгін міне бейнет жоқ, зейнет қалған,
Орындалған кешегі біраз арман.
Ұл-қыздарың орныққан орнын тауып,
Құрметтеуде жиналып бала-шағаң!

Құтты болып сексен жас өміріңіз,
Жас баладай жайнасын көңіліңіз.
Аман-есен жүз деген асуды асып,
Мейіріміне Алланың шомылыңыз!

Мұң шалмасын жүзіңізді екі өмірде,
Аллаһ қолдап жетіңіз екі елуге!
Бұдан былай бақытты өмір сүріп,
Сауап толсын амали дәптеріңе!

Г.​ Қссенбай
08.06.2023


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу