Өлеңдер ✍️

  06.10.2023
  362


Автор: Жібек Ысқақова

Бір кем дүние-ай

Бір кем дүние-ай
Арманыңды құм етер,
Бір кем дүние-ай
Жүргендейсің құр бекер.
Жаның жайнап,
Бақ жұлдызың жанса да,
Өміріңде
Жетпей бірі тұр ма екен?!

Бір кем дүние-ай
Қалмағандай амалым,
Бір кем дүние-ай
Жаным жаурап тоңамын.
Сырттай күліп жүргеніммен,
Жадырап,
Ауа жетпей
Іштей солып барамын.

Бір кем дүние-ай
Өтіп жатқан уақытым,
Бір кем дүние-ай
Келерме екен бақытым.
Бақыттымын,
Дей тұрғанмен жетпейді,
Өмір заңы
Алған үнсіз уақытын.

Бір кем дүние-ай
Бүгін барсың, ертең жоқ,
Бір кем дүние-ай
Дегенменен өкпем жоқ.
Күйбең тірлік бітпейді екен,
Жалғасар,
Жүрек соғып тұрғанында
Көктем боп.

Бір кем дүние-ай
Араз қылар адамды,
Бір кем дүние-ай
Улап жатқан санамды.
Уәде беру,
Орындамау айтқанын,
Түсіруде
Адамдар-ау бағаңды...

Бір кем дүние-ай
Әркім айтар бұл сөзді,
Бір кем дүние-ай
Ренжіскендер өзі-өзді.
Бірі болса, бірі болмас
Дүние-ай,
Еске салар
Балалық шақ бал кезді...

Жібек Искакова 6.10.2023 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу