Өлеңдер ✍️

  05.10.2023
  2288


Автор: Республика күні

Республика күні бұл таңғажайып

Республика күні бұл таңғажайып,
Декларация жазылған күні ерекше.
Содан кейін азаттық есік ашты,
Қазағымды әнімен бұл тербете.

Республика күні бұл таңғажайып,
Көңілдерге шаттығын сыйлай білген.
Азаттықтың ақ таңын ашуға бұл,
Жолын салып, қуаныш жинай білген.

Республика күні бұл таңғажайып,
Берген бізге ақ таңның арайлысын.
Республика күнімен басталады,
Тәуелсіздік көрдік біз арайды шын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу