Өлеңдер ✍️

  23.09.2023
  62


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сезім сені

Бақытым менен жырақтап, барасың ба шын,


Сен менің ақ пен көзімнің қарасындасың.


Бір қағып қалсам, төгілер, моншақтап жасым,


Сен менің кірпіктерімнің арасындасың....


 


Өкініп жүрген жоқсың ба, бəрі бекер деп,


Мені бір үміт, келеді əлі жетелеп.


Қыранға теңеп жүрген де, қалықтап келіп,


Ақ жүрегімді алаңсыз, алдың мекендеп...


 


Сен, баға жетпейтін бар асылдасың,


Ып-ыстық саусақтарымның саласындасың.


Мен мұнартқан күндердің меншігіндемін,


Сен жоғалтқан жырлардың жағасындасың...


 


Бұл махаббат, ұстамды қылыққа лайық,


Сансыратпасын сананы, күдік пен айып.


Кімдерге жақсы, жүргенім күліп мұңайып,


Үлпершектей тілектен үміт қылайық.


Не болмаса — алаулап жанып тұрайық,


Не болмаса — алаңсыз құрып тынайық...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу