15.09.2023
  109


Автор: Отбасы күні

Құтты болсын отбасы күні

Құтты болсын отбасы күні бүгін,
Жанұяның көп болып қуанышы.
Бала-шаға аман болсын Алла жар боп,
Отбасының шаттықты жұбанышы.

Арайлы таң шаттығын сыйлай берсін,
Отбасында бақ-береке орнап тағы.
Ынтымақ пен береке арта берсін,
Жаратқанның шуақты жалғап таңы.

Әрбір үйде тек жақсылық орнай берсін,
Көңілдері жайма шуақ күйге еніп.
Үстем болсын мерейі отбасының,
Отбасында ғажайып күй тербеліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу