Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  313


Автор: Шөмішбай Сариев

Адамның бар өмірі Күн мен Түнде

Адамның бар өмірі Күн мен Түнде,
Шуқа отын беретін гүл мен жерге.
Жүрек сөзін жеткізер дүниеге,
Ақын сөзін айтады Тіл мен Елге.
Сөйлеймін ақын болып күн тілімен,
Сөйлеймін ақын болып түн тілімен.
Адамның бар өмірі Күн мен Түнім,
Бір үзілімей жалғасқан бір-бірімен.
Күн мен Түнді бояуы айырғандай,
Жайқалатын терек пен қайыңдардай.
Күн өзінше жырлайды ақындардай,
Түн өзінше жырлайды шайырлардай.
Күн мен Түннің өзінше өз үні бар,
Күн мен Түннің ғажайып сезімі бар.
Жалғастырған екеуін махаббаты,
Бір-бірінің тек үнсіз сөзін ұғар.
Ақын ойын жеткізер тілмен Елге,
Шуақ шашқан дүние гүл мен жерге.
Адамның ғұмыры өтер тек ортада,
Адамның бар өмірі Күн мен Түнде!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу