Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  34


Автор: Шөмішбай Сариев

Көше толы шешен көп

Көше толы шешен көп
Көше толы көсем көп.
Лондон ақын қала екен,
Лезде жауған нөсерлеп.
Көше толы жұрт, халық,
Нұрларынан құт тамып.
Лезде жауып лезде,
Шабыттанған бұлттанып.
Бірде бұлтты, бірде күн.
Ашар нөсер ілгегін.
Жауа салар өлеңдей
Алмай тұрып бір демін.
Жаңбырлатып аспаннан,
Жанарынан жас қалған.
Тоқиды екен шілтерді,
Мрамордай тастардан.
Шарт сынардай шынысы
Лондонның ұлы ісі.
Олимпиада иісі аңқып
Спорт екен тынысы.
Келгендейін таласып,
Болсашы бір дауасы.
Олимиада иісі аңқып
Тұр көшенің ауасы.
Әуелеген әндердей.
Жатпас жұрты жан керней.
Лондон ақын қала екен
Мінезі бар дәл мендей.

23-24 шілде, 2012 ж.
Лондон шаһары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу