Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  78


Автор: Шөмішбай Сариев

Суықтау екен түнгі ызғар

Суықтау екен түнгі ызғар
Қалтырап тоңған жұлдыздар.
Көктем мен жазда ерімес,
Кеудемде менің мұң мұз бар.
Жарқырап жанған жолымда –
Батырдың оң мен солындай.
Кеудемде менің мұз қатқан,
Таудағы шыңның тоңындай.
Мұңым көп бәрін білемін,
Таулар мен бұлты тірегім.
Ерісе селім қаптайтын,
Мұзды мұхит жүрегім.
Ойларым көсір мол батпан,
Жүрегім мұхит толғатқан.
Шуақтап кейде жүргенмен,
Кеудемде кесек тоң қатқан.
Ұнат мейлің ұнатпа,
Көз берген екі шыраққа,
Ерісем кетем айналып,
Мөлдір де мөлдір бұлаққа.
Өзім де өзім сезем де,
Бөлінем дәуір кезеңге.
Ерісем кетем айналып,
Ие де бермес өзенге.
Көңілім дана қария,
Шуақты шашар әр ұя.
Ерісем кетем айналып,
Боламын шалқып дария.
Бас иіп ұлы тәңірге,
Сидырам бәрін көңілге.
Дария боп жетіп теңізге
Өзен боп құям өмірге!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу