Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  41


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөл далаға алғаш рет келдің бе?

Алғаш рет сапар тартып келдің бе,
Шөл даланың құшағына ендің бе,
Шөл даланың ойлы өлеңін, ақын сен,
Шөл даланың сөйлегенін көрдің бе?!..
Кешке жақын сезім сұлу самалды,
Естисің сен көзіңді ілсең хабарды.
Сыртын емес жүрегіне еніп сен,
Шөл даланың көзін көрсең жанарлы.
Үміт елес, елестейді алдан тек,
Күн мен Айы, Жұлдыздармен жанған көк,
Шөл даланың үміті бар үзілмес,
Шөл даланың арманындай
арман жоқ!
Бір жақсылық күтіп өткен
сенен де,
Алары аз, байлығы көп берерге,
Білесің бе,
Шөл далада
өскеннің,
Шыңыраудай –
тамырлары тереңде.
Бір тамшы су –
толық етер жалғанды,
Бір тамшы су –
бар ғұмырым жалғанды.
Мен де сол бір –
Шөл даланың ұлымын,
Шөлдеп іздеп,
Шырқ айналған арманды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу