Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  90


Автор: Шөмішбай Сариев

1940-1945

Ғажап әлем,
дүние,
дала қызық,
Сағыныш сырлы әуенге салады үзіп...
Осы бір тылсым шақта келді соғыс,
Тағдырдың қадамынан қан ағызып.
Қан соғыс келе жатты балдағымен,
Қара қолын батырмақ қанға кілең.
Ел жаңа өз бақытын сезінген шақ,
Тыныштық тірлігінің бал дәмімен.
Бейбіттің бесігінде еңбек елі,
Өмірді бақытымен тербеп еді.
Таңдайында тыныштық балдай татып,
Соғыстың боларына сенбеп еді!..
* * *.
Дүниенің күл етіп бар асылын,
Жоғалтып жанарлардың жарасымын.
Тіршіліктің көзіне ақ түсіріп,
Шел қаптатпақ болды жау қарашығын.
Барса да қан саулатып қай жағына,
Өмірдің мөлдір көлін лайлады да.
Қанды шеңгел батырды тіршіліктің
Іріткі сап сүт-өмір, қаймағына.
Өмір-сүтін ірітпек, бұл күні ме?
Қуанышты бір сәтке іркіді де.
Әрбір адам айналды бір-бір тал боп,
Көзіміздей Отанның кірпігіне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу