Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  116


Автор: Шөмішбай Сариев

Ең алғаш

Ғашық болдым дүниеде ең алғаш,
Сезім кештім өзімді-өзім жеңе алмас.
Махаббат бұл өрт екен ғой, өрт екен
Бір тұтанса қайтып енді сөне алмас.
Ғашық болдым дүниеде ең алғаш,
Сезім кештім адам айтса сене алмас.
Ұзақ алыс аламан бір бәйгедей
Ғашық сезім жүйрік екен дем алмас.
Ғашық болдым дүниеде ең алғаш,
Қауіпті екен ғашықтық дертем алмас.
Жалғыз өзің, сенен басқа аяулым
Махаббатқа ешкім қолын бере алмас.
Мәңгіліктей ұялаған көңілге
Сенсің өзің, сеніп өзің ең алғаш.
Махаббаттың отын жаққан өмірде
Қос қарашық сенің көзің ең алғаш.
Махаббаттай ғажап елге сапаршы
Бір өзіңнен басталғандай жол алғаш.
Таңғажайып білем таңның атарын
Сол бір жолдар енді қайтып оралмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу