Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  70


Автор: Шөмішбай Сариев

Әкем Нағашыбай Сарыұлына

Әкем Нағашыбай Сарыұлына
Ей, дүние, мен осы қайда асықтым
Өмірімнің өлеңді айнасы ұқтым.
Табам деп інжу-лағыл талай ақын,
Маржандай сырсандығын қайта ашыппын.
Өмірде кен қазына өлеңде екен
Өз көзімен көрмеген сенер ме екен.
Сендей ақын өмірде қайталанбас,
Мендей ақын өмірге келер ме екен?!
Мен осы өмірімнен ұлы із көрдім,
Түсімде ата-бабам қымыз бердің.
Алдыма дастарханды жайып әкем,
Асығыс тығыз кетіп, тығыз келдің.
Өлмепсің, әкем менің тірі екенсің,
Әлі де қамымды ойлап жүр екенсің.
Несібең бұл дегендей бір қарады;
"Перзенттік борышыңды бір өтерсің".
Бұл да бір өзіңе артқан сенім демей
Ақтарылып, шашылып төгіл демей.
Сол борыш әлі менің мойнымда жүр,
Ауырлап, кетпесе егер жеңілдемей..
Қазақтың қасиеті жетеуде ме?
Жолықты әке, бала екеу неге?
Ей, дүние, мен осы қайда асықтым,
Перзенттік сол борышты өтеуге ме?!

18 қазан 1997 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу