Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  417


Автор: Серікбай Оспанов

Көк сеңгірге…

Көк сеңгірге,


Төрге қарап өстің бе,


Жоқ, сен күнде


Көлге қарап өстің бе?!


Биіктік те, тереңдік те өзіңде,


Жанарыңдай жанар жоқ, жаным, ешкімде!


 


Нұрын шашқан


Күнге қарап өстің бе,


Қауызын ашқан


Гүлге қарап өстің бе?!


Мейірім, шуақ,


Нәзіктік те өзіңде,


Жаныңдай сенің жан жоқ, бағым, ешкімде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу